
Балқаш қаласының білім беру мекемелерінде оқушылар арасында цифрлық даму бағытындағы жобалар бойынша интеллектуалдық көрме ұйымдастырылады.
Көрмеге 50 жоба ұсынылып, қатысушылар өздерінің инновациялық идеяларын, цифрлық технологияларды қолдану қабілеттерін және шығармашылық шешімдерін көрсетеді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ғылыми-техникалық ойлауын дамыту, инновациялық бастамаларды қолдау және жас дарындарды анықтау.
Қала тұрғындары мен қонақтары көрмеге келіп, жас зерттеушілердің жұмыстарымен танысып, олардың жетістіктерін бағалай алады.