
Балқаш қаласында оқушылар арасында Шашубай Қошқарбаев атындағы І облыстық «Жыр дүлділі» айтысы ұйымдастырылады.
Бұл айтыс оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, сөз өнері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Қатысушылар қазақ әдебиеті мен фольклорының бай мұрасын насихаттап, көрермендерге әсерлі шығармашылық көрініс ұсынады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас таланттарды қолдау, ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеу, сондай-ақ жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау