Меню
Страницы

«Дәстүрлі ойындар-ұлттық құнлылық» ұлттық ойындар бағдарламасы

«Дәстүрлі ойындар-ұлттық құнлылық» ұлттық ойындар бағдарламасы

Наурыз – жаңару мен бірліктің, ұлттық құндылықтарға қайта оралудың ұлы мерекесі. Ерте заманнан бері Наурыз мейрамында ауыл-аймақтарда халықтық серуендер ұйымдастырылып, ұлттық ойындар өткізілген. Бұл ойындар адамдарды біріктіріп, күш-жігерді, ептілікті және салт-дәстүрге деген құрметті арттырған. Мұндай сайыстар достықтың, даналықтың және салауатты бәсекенің белгісі болған.

20 наурыз күні Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханада Наурыз мерекесіне орай ұлттық спорттық ойындар өтеді. Бұл күні кітапхананың белсенді оқырмандары тоғызқұмалақ, дойбы және шахмат ойындарынан өз шеберліктерін көрсетеді. Әсіресе, стратегиялық ойлауды дамытатын көне зияткерлік ойын – тоғызқұмалаққа ерекше назар аударылады. Сонымен қатар қатысушылар домбырада күй орындап, ұлттық музыкалық өнерін паш етеді.

Іс-шара ұлттық дәстүрлердің бүгінгі қоғамда жалғасып, жаңғырып келе жатқанын айқын көрсетеді. Бұл тек жарыс қана емес, сонымен қатар талантты танытуға, достықты нығайтуға және Наурыздың ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді. Баршаңызды осы мерекелік шараға қатысып, қатысушыларға қолдау көрсетуге шақырамыз.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң