Меню
Страницы

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана. «Наурыз көже-береке бастауы» шеберлік сабағы

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана. «Наурыз көже-береке бастауы» шеберлік сабағы

Наурыз – бұл көктемгі жаңару мен күн мен түннің теңелуін білдіретін, жаңа өмірдің басталуын айқындайтын ұлы мереке. Бұл күндері әр шаңырақта дастархан жайылып, ақ тілектер айтылып, мерекенің басты тағамы – Наурыз көже дайындалады. Дәстүрлі бұл тағам жеті түрлі дәмнен тұрады, ол жеті қазынаны, ырыс-береке мен молшылықты білдіреді. Әрбір үй иесінің көжені дайындау тәсілі әртүрлі болғанымен, оның мағынасы өзгермейді – ол амандық пен берекенің нышаны.

Осы жарқын мереке қарсаңында облыстық арнайы кітапхана Наурыз көже дайындау бойынша ерекше шеберлік сағатын ұйымдастырып отыр. Шеберлік сабағын кітапхананың белсенді, көзі көрмейтін оқырманы А.С.Төлеубаева  өткізеді. Ол өзінің тәжірибесімен және отбасылық дәстүрімен бөлісіп, көжені дайындаудың қыр-сырымен таныстырады. Қарапайым әрі қолжетімді азық-түліктерден мерекелік тағам әзірлеудің жолын көрсетеді.

Бұл шеберлік сағаты тек аспаздық шара ғана емес, сонымен қатар жігер мен шабыттың, еңбек пен шеберліктің үлгісі болмақ. Баршаңызды осы тағылымды іс-шараға қатысып, Наурыз мейрамының ерекше атмосферасын бірге сезінуге шақырамыз.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң