Объектілер үшін жер учаскесі құрғақ, желдетілетін етіп таңдалады. Учаске атмосфералық ауаны ластау көздерінің жел жағында болады, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауды ұйымдастыру үшін қолайлы кірме жолдары мен жағдайлары бар болады.
БСО-ның аумағында және үй-жайларда олармен байланысы жоқ объектілерді функционалдық түрде орналастырмайды.
Лагерь аумағы бөгде адамдар мен жануарлардың кірмейтіндей қоршаулы болуы және сыртқы жағынан жасанды жарықтандырумен қамтамасыз етілуі қажет.
БСО-да жазғы сауықтыру маусымының ашылуының алдында жөндеу-қалпына келтіру және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады және жүргізіледі:
жөндеу-қалпына келтіру және профилактикалық іс-шараларын қамтитын үйлерді жөндеу жұмыстары;
инженерлік желілердің, желдету және ауа баптау жүйелерінің
жұмыс істеу тиімділігін тексеру, желдеткіш жүйелерін тексеру актілерінің болуы;
ауызсуды зерттей отырып, сумен жабдықтау құрылыстары мен желілерін профилактикалық жуу және дезинфекциялау, мамандандырылған ұйымдармен сумен жабдықтау жүйелерін жуу жөніндегі актінің болуы. Сумен жабдықтау жүйелерін тазарту, жуу және дезинфекциялау актісі № 26 Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;
аумақты қоқыстан тазарту және абаттандыру;
қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық
одақтың мемлекеттік тіркеуіне енгізілген дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық құралдарды (бұдан әрі – құралдар) қолдана отырып, профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу.
лабораториялық-инструменталдық зерттеулер жүргізу
(азық-түлік блогынан алынған ауыз суының үлгілерін бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер; жабық жүзу бассейндері мен ванналардан, жағажайлардан алынған судың үлгілерін бактериологиялық, санитариялық-химиялық, вирусологиялық, паразитологиялық зерттеулер; топырақ, құм: паразитологиялық, бактериологиялық көрсеткіштерге зерттеу);
Жазғы маусымның басталуына және әр ауысымның аяқталуына
қарай техникалық қызметкерлер тарапынан жалпы тазалау жүргізілуі қамтамасыз етіледі;
Жазғы сауықтыру лагері жұмысқа қабылдамас бұрын қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтуі және медициналық тексеру мен гигиеналық оқыту өткендігін растайтын құжатының болуы қамтамасыз етіледі.
Балаларды қабылдау кезінде денсаулық жағдайы туралы құжаттың болуы арқылы жүзеге асырылады "Сауықтыру лагеріне баратын оқушыға арналған медициналық анықтама" 071/у нысан бойынша және инфекциялық аурулармен байланыс болмауы туралы анықтама.
Жазғы сауықтыру лагерінде демалу күн тәртібін дұрыс сақтау, теңдестірілген тамақтану, белсенді демалыс, ойын-сауық шаралары, түрлі оқыту сабақтары сияқты шарттарды қамтиды.