
Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.К.Керееваның төрағалығымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы базасында Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен аумақтық басқарма және аудандық білім беру бөлімдері мамандарына жазғы сауықтыру ұйымдарының жазғы маусымға дайындығы бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2022 жылғы 10 тамыздағы №ҚР ДСМ-78 бұйрығына енгізілген өзгерістер таныстырылып, 2025 жылғы сауықтыру маусымында ашылуы жоспарланған сауықтыру лагерлерінің дайындығы (лагерлерде жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, лагерь аумағын абаттандыру және бөлмелерді өңдеу жұмыстарын жүргізу, қажетті технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталуы және т.б.), маусым басталар алдында санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу сұрақтары талқыланды. Жиын соңында қойылған сұрақтарға жауап берілді.