
Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысы Д.Жанабергенованың төрағалығымен және облыстық фтизиопульмонология орталығы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы басшыларының және денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс эпидемиологының қатысуымен облысымызда туберкулез ауруының алдын алу бойынша жиын өткізілді.
Жиын барысында туберкулез эпидемиологиялық жағдайы, облыстық фтизиопульмонология орталығы және облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жұмысы, санитарлық жағдайлары, жүктемелері және басқа да сұрақтар талқыланды.