Астұзы, натрий хлориді, әдеттежай"тұз" деп аталады, адамға кез келген басқа тіршілік иесі сияқты қажет. Сонымен қатар, ас тұзы түріндегі натрийді шамадан тыс тұтыну қан қысымын жоғарылатады, бұл жүрек- қан тамырлары жүйесінің және олардың асқынуларының–инфаркт, инсульт, тамыр жеткіліксіздігінің қаупін арттырады.
ДДҰ ұсынысы бойынша ересек адам үшін күніне тұзды тұтынудың физиологиялық нормасы 5 г құрайды - бұл шамамен 1 шай қасық. Балалар үшін оның мөлшері оданда аз: күніне 2 г тұз. Ағзаға су - минералды тепе-теңдікті сақтау, жүйке импульстарын жүргізу және бұлшық еттердің жұмысы үшін көп тұз қажет. Сол себепті, тұзды тұтыну мөлшері едәуір асып түседі. Орташа алғанда, әйелдер күн сайын шамамен 10 г тұз жейді, ал ер адамдар одан да көп – 19 г дейін. Бұл гипертонияның, жүрек ауруының, бүйрек пен буын проблемаларының даму себептерінің бірі болып табылады. Тағамдарды дайындау үшін тұзды қолдану мен қатар, оның көп мөлшері қазіргі заманда жиі тұтынылатын фаст-фуд, консервілер, өңделген тағамдар, шұжықтар, чипсылер, крекерлер мен ірімшіктерде көп кездеседі.
Ас тұзын тұтынуды азайту денсаулықты нығайтуға және әл-ауқатты жақсартуға көмектеседі. Тұзды шамадан көп пайдалануды тоқтату үшін мынандай қарапайым қадамдар жасауға болады:
1.Тағамды пісіру процесінде емес, тамақтанар алдында тұздаңыз.Бұл жағдайда ағзамыз бірден тұздылық туралы сигнал алады. Егерде сіз тағамды пісіру процесінде дәмдесеңіз, тұздың дәмі азаяды және ағзамыз оны бірден "тани алмайды". Осыдан, көптеген тұзға әуесқойлар үшін дайын тағамды тұздау үрдісі қалыптасқан.
2.Тұзға арналған ыдысты асхана үстелінен алыс қойыңыз. Көбінесе біз тамақты ойланбастан (тіпті дәмін татпай) тұздауды әдетке айналдырғанбыз. Егер қолыңызда тұз болмаса - сіз оны есіңізге түсірмеуіңіз мүмкін.
3.Тұзды тағамдармен тез дайындалатын тағамдарды жиі тұтынбаңыз. Жаңғақтар,чипстер,құрғақ сорпалар, кеспе, "жайғана су қосыңыз" пюресі әдетте дәмдеуіштер қоспасы мен және тұздың көп мөлшері бар басқа тағамдық қоспалармен қамтамасыз етіледі. Егер сіз мұндай тағамнан бас тартсаңыз, тамақтану үрдісіңіз әлдеқайда сау болады.
4.Консервіленген көкөністерді тұтынған кезде алдымен оларды тұзды ерітіндіден қарапайым суға шайыңыз. Егер жаңа піскен көкөністер болса,барынша соларды пайдаланған дұрыс.
5.Төмен натрий тұзының болуына назар аударыңыз. Қазір дүкендерде натрий хлоридінің бір бөлігі калиймен магний қосылыстарына ауыстырылған тұз пакеттері бар. Мұндай өнім әлде қайда пайдалы.
6.Диетадағы тұздың бір бөлігін хош иісті, ащы шөптермен ауыстырыңыз. Барлығына таныс аскөк, ақжелкен,балдыр көк және жасыл пияз,сондай-ақ экзотикалық райхан, тимьян, розмарин, майоран, имбирь, зира тағамдардың дәмін бай әрі қызықты етеді.Сонымен қатар, шөптер иммунитетке жақсы қызмет ететін антиоксиданттардың көзі болып табылады.
7.Диетаны калийге бай (банан,картоп,шпинат) тағамдармен толықтырыңыз. Калий денеден артық тұзды тезірек кетіруге көмектеседі.
8.Тұзды сатып алғанда, йодталған тұзға артықшылық берген дұрыс – бұл денеге көп пайда әкеледі.
9.Дүкендерден сатып алатын өнімдерге назар аударған жөн. Олардың көпшілігінде тұз көп, сондықтан сатып алмас бұрын жапсырманы зерттеп, құрамында тұзы аз тағамдарды таңдау керек. Денсаулық – бізде бар ең құн ды нәрсе, сондықтан диетаңызды қадағалаңыз және тұзды көп мөлшерде пайдаланбаңыз.