Өсу және қалыптасу кезеңіндегі балалар денесі дәрумендер мен минералдарға бай толық және теңдестірілген диетаны қажет етеді. Балалардың тамақтануындағы зиянды тағамдарды шектеу олардың денсаулығын сақтауға және өмір бойы дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Балаларға зиянды тағамдар-бұл ең алдымен жеңіл көмірсулар мен тәттілер. Кәмпиттер, газдалған сусындар, шоколад қандағы қант деңгейінің күрт өсуіне және семіздік, тіс жегісі мен қант диабетінің даму қаупінің жоғарылауына әкеледі. Сондай – ақ, фаст-фуд, тағамдар, чипстер балаларға зиянды- транс майларға, синтетикалық бояғыштарға, хош иістендіргіштерге және консерванттарға бай тағамдар. Олар асқазан-ішек жолдарының жұмысына әсер етеді және аллергия тудырады. Сондай-ақ, осы қауіпті тағамдарды жеу тамақтан улануды тудыруы мүмкін. Тамақтан улану-бүлінген немесе сапасыз тағамдарды жегеннен кейін пайда болатын ас қорыту бұзылысы.
Өткен жылдары балалардың бөлшек сауда объектілерінде, яғни азық-түлік дүкендерінде немесе дүңгіршектерде сатып алынған тамақ өнімдерімен улану жағдайлары жиілеп кетті. Мәселен, 2023 жылдың желтоқсанында Батыс Қазақстан облысында бес кәмелетке толмаған жасөспірімдер дүңгіршектен сатып алынған кәмпиттермен уланған. Ал 2025 жылдың ақпан айында Ақтөбе облысында 18 оқушы дүкеннен сатып алынған снектермен улану жағдайы тіркелді.
Тамақтан уланудың негізгі белгілерін атап өту керек, клиникалық көріністердің ерекшеліктері көптеген жағдайларға – микробтың немесе токсиннің түріне, қабылданған тағамның мөлшеріне, ағзаның күйіне және басқаларға байланысты. Алайда уланудың бірқатар типтік белгілері ерекшеленеді - бұл дене температурасының жоғарылауы (37-37,5-тен 39-400С дейін), тәбеттің төмендеуі, әлсіздік, жүрек айну және құсу, іштің кебуі және нәжістің бұзылуы, қысылу сипатындағы ауырсыну, суық тер.
Бүгінгі таңда ата – ананың міндеті- баланың дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру. Мұндай әдетті қалыптастырудағы ең жақсы жолы- дұрыс тамақтану және тағамға жақсы үлгі көрсету. Біріншіден, бала зиянды тамақтану әдеттерін өз бетімен қабылдамайды. Көбінесе бұл ата-аналардың әсері. Сондай-ақ, бала тек ата-анасына ғана емес, құрдастарына да қарайды. Егер ол сыныптасының сабақ арасында чиптерді сатып алып, жеп жатқанын көрсе, ол да оны қалайды. Егер сіз оған осы тағамдардың пайдалы алмастырғышын достарымен бөлісуге жеткілікті мөлшерде берсеңіз, бұл оң дағды қалыптастыруда көмектесе алады.
Егер сіз немесе Сіздің жақындарыңыз улану белгілерін байқасаңыз, алғашқы медициналық көмек қажет. Жедел жәрдем шақырыңыз! Сондай-ақ мұндай жағдайда: баланы күштеп тамақтандыру; асқазанды калий перманганатымен жуу; ауырсынуды басатын, құсуға қарсы, диареяға қарсы дәрі-дәрмек беру сияқты әрекеттерді жасауға болмайды.