Мемлекеттік қызмет - абыройлы міндет айдары

Мемлекеттік қызмет - абыройлы міндет айдары
Александр Геннадьевич Товма - 1962 жылы 23 сәуірде Орал қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Орал қалалық медициналық училищесін "санитарлық фельдшер" мамандығы бойынша бітірген.
Орал қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында өндірістік гигиена бөлімшесінің санитарлық дәрігерінің көмекшісі ретінде еңбек жолын бастады.
1991 жылдың 10 сәуірінен бастап өнеркәсіптік гигиена, Коммуналдық гигиена бөлімшесінің санитарлық дәрігерінің көмекшісі және қазіргі уақытта Орал қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеп келеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесіндегі үздіксіз жұмыс өтілі - 34 жыл, өз ісінің сауатты маманы, жастарға тәлімгер болып табылады. Бірнеше рет Орал қаласы әкімінің грамоталарымен, БҚО СЭБД алғыс хаттарымен, ҚР ДСМ СЭБК төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған.