Метапневмовирус – бұл көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда, ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өрлеу кезеңінде белсенді айналымда болатын, негізінен ауа-тамшы жолымен берілетін инфекциялардың басқа түрлерімен қатар айналымдағы классикалық вирустардың бірі.
Департамент облыс халқын алдын алу шараларын сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерде байланыстарды шектеуге шақырады, бұл әсіресе созылмалы аурулары бар халықтың ең осал топтарына қатысты. Үй-жайларды үнемі желдетіп отыру, науқас адамдармен байланысын шектеу, оларды оқшаулауды қамтамасыз ету, тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер) жібермеу. Егер аурудың белгілері пайда болса, уақтылы медициналық көмекке жүгінген абзал.