Эндемиялық зоб – йод тапшылығы бар аймақтарда тұратын халықтың арасында жиі кездесетін қалқанша безінің үдемелі ұлғаюы. Аурудың негізгі себебі - организмге йодтың тағам арқылы жеткіліксіз түсуі. Эндемиялық зоб қоршаған ортада йод мөлшері төмен белгілі бір географиялық шекараларда («эндемиялық аймақтар») ғана кездеседі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, йод тапшылығы жағдайларының алдын - алуды қол жетімді және қолайлы әдіспен шешуге болады-халықтың сапалы йодталған тұзды, тамақ өнімдерін күнделікті тұтынуы. Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілетін, сондай-ақ республикаға әкелінетін тұздың барлығы дерлік йодпен байытылған.