Жазғы сауықтыру ұйымдарындағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал

Жазғы сауықтыру ұйымдарындағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал
Жазғы маусым басталысымен балалардың тиімді демалысын ұйымдастыру мақсатында сауықтыру лагерьлерінің алатын орны ерекше. Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық басқармалармен жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында сауықтыру лагерьлерінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілді. Бүгінгі таңда барлық 17 жазғы сауықтыру ұйымдары балаларды қабылдап, жұмыстарын жалғастыруда.
Сауықтырылған бала саны - 2677. Сонымен қатар, сала мамандарымен лагерьлерінің қызметкерлері үшін 20-дан астам оқыту семинарларын өткізді, 17 лагерьде санитариялық қағидалардың талаптары бойынша консультациялар мен түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Маусым бойы жазғы сауықтыру орындарында санитарлық талаптардың сақталуына, су айдындары мен бассейндердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізілетін болады.
Ал ата-аналар үшін келесі кеңестерге назар аударуды сұраймыз:
- лагерьді таңдау кезінде облыстық білім басқармасының сайтында немесе санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында орналастырылған балаларды сауықтыру ұйымдарының тізбесін басшылыққа алу;
- салқын тиюге, күн өтуге және жарақат алуға жол бермеу үшін сөмкеге жылы күрте немесе куртка, шұлық, кепка немесе қалпақ, жабық аяқ киім (кеды), сандал салыңыз;
- жолға бөтелкедегі газдалмаған су түріндегі құрғақ рационды, печенье, май мен ірімшік қосылған бутербродтарды салу;
-тез бұзылатын өнімдерден, атап айтқанда ет, балық, сүзбе, кілегей қосылған торттар, тәтті газдалған сусындар, жидектер, бақша өнімдерін жолға салмау, лагерьлерге әкелмеу.
Сізге және балаларыңызға сәтті және қауіпсіз жазғы демалыс тілейміз!