Дезинфекция, дезинсекция, дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Дезинфекция, дезинсекция, дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Л.Қ. Насырова денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған қызмет түріне қойылатын талаптардың орындалуын сақтау қажеттігін ескертеді.
 
Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын объектілер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы бұйрығының 3 тармағы, 30-1) тармақшасының эпидемиялық мәні жоғары объектілер тізбесіне жататын болғандықтан Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 19-бабының 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласында рұқсат құжаттары санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болғандықтан, эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға тиісті.
Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары мен препараттарын өндіру, көтерме сатумен немесе оларды пайдаланумен байланысты қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалар үшін үй-жайлардың аудандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес болуы керек.
Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарының және (немесе) препараттарының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің болуы керек.