Табиғат аясына демалуға шыққан кезде уланудың алдын алу
Табиғат аясына демалысқа шыққан кезде еш нәрсе демалысыңызға кедергі келтірмесі үшін сақтық шараларын сақтаңыз.
Табиғатта демалу кезінде тамақтан улану – жиі кездесетін оқиғалардың бірі. Оның себебі - автомобильдің жүксалғышындағы өнімдердің патогендік бактериялардың өсуіне қолайлы жағдайларда ұзақ жолда тасымалдануы.
Тез бұзылатын тағамдарға абай болу керек. Тез бұзылатын өнімдердің келесі түрлерін алмаңыз: сүт өнімдері, жұмыртқа, ысталған ет, аспаздық өнімдер, дайын салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер. Мұндай тағам тамақтан улануды тудыруы мүмкін.
Сондай-ақ, табиғатқа шыққанда ауыз судың көп мөлшерін алып шығуды ұмытпаңыз, әсіресе бөтелкедегі, суды тек ішу үшін ғана емес, сонымен қатар тамақ дайындау, қол жуу және басқа да мақсаттар үшін пайдалануыңыз мүмкін.
Табиғатта демалу кезінде тамақтан улануды болдырмас үшін белгілі бір ережелерді сақтау қажет:
- ет және басқа да өнімдерді белгіленбеген сауда орындарында, ілеспе құжаттарсыз сатып алмау;
- демалыс орнына азық-түлікті, тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыш сөмкеде әкелу, тасымалдау қажет;
- дайын тағамдарды ет, тауық еті, балық және басқа да шикі тағамдардан бөлек ұстаңыз;
- Өнімдерді жабық пластикалық контейнерлерге салу немесе пленкаға орау керек;
- кәуапқа арналған етті заңсыз сауда орындарында, бейтаныс адамдардан сатып алмаңыз;
- етті тек қолданар алдында қуырыңыз;
- кәуапты пісіру үшін дайын ағаш көмірін, металл шампурларды қолданыңыз;
- бір реттік ыдыс-аяқ пен ас құралдарын қолданыңыз;
- жеке гигиена ережелерін ұмытпаңыз, тамақ дайындамас бұрын және тамақ ішер алдында қолыңызды жуыңыз.