Биологиялық белсенді қоспалардың пайдасы мен зияны
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2022 жылдың 10 айында өнім қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) 12 үлгісін сатып алып (отандық өнім - 1, ЕАЭО елдері өнімі – 7, шет ел өнімі - 4) зерттеді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламенттердің талаптары бойынша сәйкессіздіктер анықтаған жоқ.
ББҚ - тамақпен бір мезгілде тұтынуға немесе тамақ өнімдерінің құрамына енгізуге арналған табиғи және (немесе) табиғиға ұқсас биологиялық белсенді заттар, сондай-ақ пробиотикалық микроорганизмдер.
Биологиялық қоспалардың дәрі-дәрмектерден айырмашылығы неде? Негізгі айырмашылық - дәрі-дәрмектер асқынған аурудың белгілерін жою үшін қажет. ББҚ ферменттердің түзілуі үшін қажет. Олар ауруды жоймайды, өйткені олардың жұмысының механизмі мен принципі өзгеше. Олар ішкі ағзалардың негізгі жүйелерінің жұмысын қалпына келтіреді. ББҚ-ны өмір бойы қабылдауға болады, ал дәрі-дәрмектер тек белгілі бір емдеу курсына арналған. Егер құрамын салыстырар болсақ, дәрі-дәрмектер - химиялық синтезделген заттар болып табылады. ББҚ табиғи ингредиенттерден жасалған. Бұл - сіздің денеңіз әртүрлі ауруларға төтеп бере алуы үшін сау кезде қабылдауға ұсынылатын табиғи емдік қоспа. Биологиялық қоспалар пайдалы болуы үшін сертификатталған өндірушілерге назар аудару керек.
ББҚ көптеген пайдалы қасиеттерге ие болуы мүмкін. ББҚ-ны қолданудың артықшылықтары:
- құрамында тек табиғи өсімдік ингредиенттері;
- зат алмасу процесі және жалпы метаболизм тұрақтандырылады;
- қоспалардың құрамында дефициттің орнын толтыратын көптеген дәрумендер бар.
ББҚ-ны дұрыс қабылдау адамның жалпы жағдайы мен денсаулығын жақсартуға көмектеседі.
Биологиялық белсенді қоспалар денсаулыққа зиянды ма? Мәселе барлық ББҚ үшін клиникалық зерттеулер жүргізілмеуінде. Көптеген компаниялар өндірісті үнемдеуге тырысып, қоспалардың құрамына күмәнді компоненттерді қосады. Олардың түрлі дәрі-дәрмектермен өзара әрекеттесуі де зерттелмеген. Сондықтан жағымсыз жағы да пайда болуы мүмкін:
- құтылу қиын психологиялық тәуелділік;
- қажетті әсердің болмауы;
- егер қоспа құрамында улы компоненттер болса, ауыр зардаптар туындауы мүмкін.
Сондықтан биологиялық белсенді қоспаларды дәрігердің кеңесінен кейін ғана қабылдаған жөн, өйткені мамандар тексерілген құрамдарды және оларды қалай дұрыс қабылдау керектігін біледі.