Семинар-кеңес өткізілді

Семинар-кеңес өткізілді
Семинар-кеңес өткізілді
 
Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті базасында "Еңбектің зиянды және қауіпті жағдайларында жұмыс істейтін адамдардың кәсіптік сырқаттануы және медициналық тексерулерді жүргізу және ұйымдастыру мәселелері. Кәсіптік патология бойынша мәселелерді реттейтін нормативтік құжаттар" туралы семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Денсаулық сақтау басқармасының №1, 2, 3, 6 емханаларындағы кәсіптік патология мамандары, сондай-ақ "Медикер" ЖШС, "Арсам" ЖШС мамандары, Орал бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының және департаменттің Орал қалалық басқармасының мамандары қатысты.
 
Семинар-кеңесті департамент басшысының орынбасары Г.К.Кереева жүргізді. Департаменттің бөлім басшысы Г.К.Санкаева, Орал бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Н.К.Булташева, Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Н.Станскова баяндама жасады.
Семинарда келесі негізгі мәселелер қамтылды: зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлер арасында кәсіптік ауруларды анықтау мақсатында мерзімді медициналық тексерулерді жүргізу, кәсіптік ауру белгілері бар адамдарды кәсіптік патология клиникасына жіберу. Сондай-ақ, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлердің тізімін жасау, мерзімді медициналық тексерулердің нәтижелері бойынша қорытынды актілер жасау, санитариялық-эпидемиологиялық сипаттама жүргізу және т.б. туралы айтылды.
Барлық қойылған сұрақтарға мамандар түсініктеме берді.