30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні

 Ата заң-мемлекетіміздің тірегі, тәуелсіздігіміздің төлқұжаты. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі болып саналады. Тәуелсіздік жылдарында біздің Конституциямыз өзінің кемелділігін дәлелдеді. Еліміздің қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Осы құжаттың арқасында біз тұрақтылық, келісім мен өркендеу жолымен болашаққа нық қадам басамыз. Биыл ата заңымыздың қабылданғанына 27 жыл уақыт өтті. Осы аралықта ата-заңымыздың жүйелілігінің арқасында мемлекетіміз бен халқымыздың құқығы мен мүддесі қорғалып келе жатыр. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы. Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды. Құрметті батысқазақстандықтар Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнімен құттықтайды!