Жаздың басында қарбыз жеуге болады ма?
Ерте піскен қарбызды қолдану кейбір жағдайларда денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Ерте піскен қарбыздарда нитраттардың өте жоғары концентрациясы болуы мүмкін, өйткені өсірушілер тезірек егін жинап, жеміс салмағын көбейтуді қалайды.
Сондықтан «ерте піскен» қарбыздарды жеу ерте, өйткені көп жағдайда оларды өсіру үшін азот-фосфор тыңайтқыштары көп қолданылады. Токсикологиялық компоненттердің жиналуы улануға әкелуі мүмкін. Улануға ең сезімтал адамдар, бұл - денсаулығы нашар, аурудан жаңа айыққан адамдар, сондай-ақ балалар, қарттар мен жүкті әйелдер. Бұл топтағы адамдарға ерте піскен қарбызды тұтынуға қатаң тыйым салынады.
Ең қауіптісі – жол бойындағы сатушылардан қарбыз сатып алу. Біріншіден, сатушыларда өнімнің сапасын растайтын құжаттары болмауы мүмкін. Екіншіден, автокөліктерден шыққан газдардың құрамындағы улы заттар қарбыздың жұмсағында жиналуы мүмкін. Сондай-ақ, қарбыздың кесілмегені дұрыс, себебі пышақпен тілген кезде микробтар мен улы заттар өнімге оңай енеді.
Қауіпсіз қарбыздар біздің өңірде табиғи жолмен шілде айының соңында пісетінін ескерген жөн. Қолданар алдында қарбызды жақсылап жуу керек. Қарбыздың қабығын жеуге болмайды.
Қарбызды таңдау бойынша ұсыныстар:
1. Қарбызды сәл ұрыңыз. Дыбыс қатты да, әлсіз де емес, орташа болуы керек. Әлсіз күңгірт дыбыс шықса, қарбыз піскен, тым қатты – қарбыз піспеген дегенді білдіреді.
2. Қарбыз қабығының жылтырлығын бағалаңыз. Жылтыр болса, қарбыз піспегендігін білдіреді. Пісу процесінде қабық жылтырлығын жоғалтады.
3. Қарбыздың жерге тиген жерін табыңыз. Ол ашық сары түсті болуы керек. Неғұрлым ашық түсті болса, соғұрлым жақсы. Ол қарбыздың өз уақытында жиналғандығын білдіреді.