Энтеровирустық инфекция
Жаздың басталуымен жидектер, көкөністер, жемістер пісе бастаған уақытта, жазғы шомылу маусымы басталған кезде, жедел ішек инфекцияларының, соның ішінде энтеровирустық инфекциялардың жоғарылауы байқалады.
Энтеровирустық инфекция - Enterovirus тұқымдастығының қоздырғыштары, яғни энтеровирустың әр түрлі өкілдері қоздыратын вирустық этиологиялы, ас қорыту және ішек жолдарын зақымдайтын жедел жұқпалы аурулары тобы.
Аурушаңдылық көбіне жаз-күз айларында тіркеледі.
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде энтеровирустық инфекцияның өршуі байқалуда.
Қоздырғыштар барлық жерде кездеседі. Олар сыртқы ортаға өте төзімді, мұздатуға, сондай-ақ 70% этанол, лизол және эфир сияқты антисептиктермен өңдеуге тұрақты. Алайда, энтеровирустар термиялық өңдеу кезінде тез өледі (олар 50°C дейін қыздыруды көтере алмайды), кептіруге және формальдегид немесе құрамында хлор бар дезинфекциялау құралдарына төзімсіз. Назар аударыңыз: энтеровирустар 6 айға дейін нәжісте тіршілігін жалғастыра алады.
Қоздырғыштар үшін қолайлы орта - табиғи су қоймалары, топырақ, кейбір тамақ өнімдері, сонымен қатар адам ағзасы болып табылады.
Көп жағдайда ауру көзі болып энтеровирустық инфекцияның клиникалық белгілері мүлдем жоқ науқас адам немесе вирус тасымалдаушы болып табылады.
Инфекцияның негізгі таралу жолдары:
Вирустармен зақымдану су, тағам өнімдері, науқастың нәжісі арқылы, сонымен қатар түшкіру және жөтелу кезінде қақырық және сілекейдің ұсақ тамшылары арқылы жұғады. Сондай-ақ жаз мезгілінде ашық су қоймаларында шомылу кезінде зақымдану өте оңай.
Назар аударыңыз: энтеровирусты инфекция жағдайлары тіпті салқындатқыш су арқылы жұқтыру жолдары да тіркелген.
Инфекция жиі тікелей немесе тікелей емес нәжіс-ауыз арқылы таралады. Вирус ағзаға түскеннен кейін 1-4 апта ауызжұтқыншақта болады, нәжіспен қоршаған ортаға вирус бөлінуі 1ден 18 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Кейде инфекция көзі - ластанған ағынды сулар, тағам немесе жәндіктер (шыбын-шіркейлер).
Адамның энтеровирустарға бейімділігі өте жоғары, бірақ инфекциядан кейін типтік спецификалық иммунитет ұзақ уақыт сақталады (бірнеше жылға дейін).
Бұл аурулар тобының негізгі қаупі - клиникалық белгілердің әртүрлі болуында. Көп жағдайда аздап мазасыздықпен сипатталатын жұмсақ ағым пайда болады, бірақ тыныс алу жүйесі мен орталық жүйке жүйесінің, сонымен қатар бүйрек пен ас қорыту жолдары мүшелерінің қатты зақымдануымен қоса ауыр асқынулар да пайда болуы мүмкін. Бұл инфекция қызба, менингит, өкпе ісігі, тіпті сал ауруын шақыруы мүмкін. Ауыр асқынулар көбіне 2 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.
Энтеровирустық инфекцияның белгілері
Балалар мен ересектердегі энтеровирустық инфекцияның ең типтік клиникалық белгілері:
Энтеровирусты инфекцияның катаральды түрінің белгілері:
Аурушаңдылық жиі дене температурасының 30-40ºС-қа дейін жоғарылауымен, бас ауруымен, жүрек айну, құсу, жарықтан қорқу белгілерімен көрінеді. Бұл белгілер жұтқыншақта, іште, бұлшықеттерде ауырсынумен өтуі мүмкін. Беттің ішкі беткейі, тіл, тамақ ашық-сұрғылт түсті көпіршіктермен жабылады, олардың пайда болуы алақанда, саусақтарда, аяқтарда да сондай белгілер болуы әбден мүмкін.
Кей жағдайларда жоғарғы тыныс алу жолдарының катаральды белгілері, жөтел және мұрыннан су ағу байқалады. Осыған байланысты ата-аналар қателесіп жай ЖРВИ-ға ұқсатып, балаларды үйден өздері емдеп, сырқаттың асқынуына алып келеді.
Энтеровирустық инфекциялардың инкубациялық кезеңінің ұзақтығы көп жағдайда 2 күннен 1 аптаға дейін созылады. Көпшілік жағдайда, осы типтегі инфекциялық агенттер денеге еңгенде, адамда ЖРВИ дамиды.
Энтеровирусты инфекциялардың алдын алу:
Өзіңізді және жақындарыңызды аурудан сақтау үшін:
Есіңізде болсын: осы қарапайым ережелерді сақтау сізді энтеровирустық инфекциялардан және олардың салдарларынан сақтай алады.