Бруцеллез

Бруцеллез

БРУЦЕЛЛЕЗ - АСА ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ

 

            Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру.

            Жұқпалы ауру көзі бруцеллезбен ауыратын жануарлар (қой, ешкі, ірі қара мал, шошқа, ит, кейбір жағдайда бұғы, түйе, жылқы малы) болып  табылады.

            Бруцеллезбен ауырған малдар аурудың барлық кезеңінде сыртқы ортаға нәжіспен, зәрмен, төлжанындағы су арқылы көп мөлшерде микроб бөліп, мал тұрағын, су арналарын, жайлауды ластап, бруцеллез ауруын ауылшаруашылық малдары арасында таралуына және адамға жұқтыруына әкеп соқтырады.

            Барлық ауыл шаруашылық малдарына тән бруцеллездің негізгі белгілері: түсік тастау, өлі төлдеу.

            Бруцелла вирусы суда 2 ай, етте 3 ай, тұздалған етте 30 күн, жүнде 4 ай, шикі сүтте 40 күн, брынза, сүзбе, қаймақта 2 ай сақталады. Бруцеллалар 60 градуста қыздырғанда 30 минутта, қайнатқанда бірнеше минутта өледі. Дезинфекциялайтын заттармен, оның ішінде 2% карбол қышқылы, 0,2-1% хлор ізбесі, хлорамин ерітінділерімен өңдегенде бірнеше минутта өледі.

             Бруцеллез ауруын келесі жағдайларда жұқтыруға болады:

  • адам мал сойғанда қан арқылы, (кесіп алған немесе зақымдалған тері арқылы), өлі төлден, түсік тастаға материалдар, төл жанындағы су, зақымдалған жүн арқылы;
  • ауру немесе белгісіз малдың (ауру болуы мүмкін) сүтін, сүт тағамдарын ішкенде немесе жегенде;
  • ауру малдың ластанған нәжіс, тағы басқа бөлінділерімен шаң-тозаң арқылы;
  • ауру немесе белгісіз малдың етінен қанды кәуәп жегенде, тартылған еттен;
  • ауру немесе белгісіз малдың жүнін сыпырғанда, өңдегенде, қырққанда, түбітін түткенде, тоқығанда;
  • науқас анасы арқылы балаға жатыр арқылы немесе сүтін емгенде.

Ауруды жұқтырғаннан аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт 1-4 апта кейде 2-3 айға созылуы мүмкін.

            Адамдарда бруцеллез ауруы жедел түрде басталып дене қызуының жоғарылауы 38 градусқа жетеді, сонымен қатар бас ауруы, әлсіздік, тітіркеншік, бұлшық еттердің, аяқ буындарының, бел тұсының ауырсынуы, түнде тершеңдік, ұйқысыздық, тәбетінің нашарлауына әкеп соғады. Әйел адамда бруцеллез ауруының белгісі жиі түсік тастау болып табылады.

            Науқас дәрігерге неғұрлым ерте қаралса, адамға ем қабылдау соғұрлым нәтижелі болады.

            Жеке бас және жанұя мүшелерін бруцеллез ауруынан сақтап қалу үшін негізгі алдын алу шараларын білу қажет:

  • Малды жайлаған, мал сойған кезде, мал өнімдерінің шикізаты кәсіпорындарының жұмысшылары арнайы киімдер (халат, резинадан жасалған алжапқыш, резина етік, қолғап киіп (үй жағдайында олар болмаған кезде қолды тоң маймен майлап) жұмыс істеуі қажет. Арнайы киімді үйге кіргізуге болмайды, ластанғанда бөлек жуу керек.
  • Жұмыстан соң қолды ыстық сумен сабындап жуу керек.
  • Мал тұрағында, ет, сүт павильондарында темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды.
  • Ауру малдың, тексерілмеген мал сүтін, шикі сүтті ішуге, кез келген жерден сүт, сүт тағамдарын сатып алуға, болмайды;
  • Белгісіз малдың ет, ет тағамдарын ветеринарлық құжатсыз сатып алуға болмайды, тағам пісіргенде шикі еттің дәмін көруге болмайды;
  • Балаларға ауру малды жайлауға,  жүкті, бала емізіп жүрген аналарға мал союға қатысуға болмайды;
  • Ауру мал тұрған жерді міндетті түрде дезинфекциялау, тазалаған кезде еденді сумен ылғалдау керек.
  • Ауру малдарды 3 күннің ішінде сойып тапсыру, үй жағдайында союға тыйым салынады;
  • Ет шикізаты кәсіпорындары жұмысшылары, ет шабушылар жылына бір рет бруцеллезге тексеріліп отыруы қажет;
  • Ауру малдар анықталған жанұя, әсіресе балалар міндетті түрде емдік-профилактикалық мекемелерде медициналық тексеруден өтіп, бруцеллезге тексерілу қажет;
  • Ұсақ малдарды жылына бір рет, ірі қара малдарды екі рет бруцеллезге тексерту керек;
  • Ауру малдар анықталған кезде ветеринарлық мамандарға ауру немесе мал өлімі туралы хабар беру.