Абайлаңыз, кене!

Абайлаңыз, кене!

       

Назар аударыңыз, Кене!

Жыл сайын облыста кене шағумен орта есеппен 300 адам медициналық көмекке жүгінеді. 2020 жылы 265 шағым тіркелген. Ағымдағы кезеңде облыста кене шағуымен 22 адам тіркелді.

Кенелер - бұл қан соратын жәндіктер, адамдар үшін қауіпті, туляремия, КҚГҚ, кене энцефалиті және боррелиоз сияқты аса қауіпті жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы болуы мүмкін.

Көбіне кенелер адамдар мен жануарларға ерте көктем мен жазда шабуыл жасайды. Кене сілекейінде анальгетикалық зат бар, сондықтан оның шағуы сезілмейді және ұзақ уақыт байқалмайды.

Кенелердің жиі жабысатын жерлері, бұл - ішкі жамбас, мойын, ішек және қолтық аймақтары; балаларда басынан аяғына дейін. Кенелер наурыз-қазан айларында өте белсенді келеді.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 жылғы бекітілген жоспарына сәйкес, ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК "БҚО бойынша дезинфекция орталығы" филиалы туляремияның табиғи ошақтары болып табылатын Жаңақала, Бәйтерек аудандары және Орал қаласының 12 елді мекенінде барьерлік дезинсекция жүргізді.

Өңдеу жүргізілгенге дейін және одан кейін жүргізілген дезинсекциялық іс-шаралардың тиімділігін бақылауды анықтау мақсатында кенелердің санын есепке алу жүргізілді. Өңдеуге дейін анықталған кенелердің саны - 405 болса, өңдеуден кейін – 35 құрады. Жиналған материалдарды әрі қарай зертханалық зерттеу үшін Орал қалалық обаға қарсы күрес станциясына жіберілді.

Бүгінгі күні кенеге қарсы 1486,24 га жер өңделді, дезинсекциялау тиімділігі – 91,3% құрады.

Кене дереу денеге жабыспайды, сондықтан оны уақытылы алып тастау инфекцияның алдын алады. Осыған байланысты денедегі кенелерді анықтау үшін өзін-өзі және екі адам бірін-бірі тексергені дұрыс. Егер денеге жабысқан кене табылса, ол дереу алынып тасталады. Кенені денеден қауіпсіз алу үшін бірнеше қарапайым ережелерді сақтау керек:

- жалаңаш қолдарыңызбен кенеге қол тигізбеңіз, өйткені инфекциялық агент шырышты қабықтар немесе терінің зақымданған жері арқылы енуі мүмкін;

- пинцет қолданыңыз, егер қолғап болмаса, саусақтарыңызды резеңке қолғаппен немесе матамен қорғаңыз;

- кенені кәдімгі пинцетпен мүмкіндігінше теріге жақын жерінен ұстау керек. Кенені езіп жібермес үшін пинцетті аздап қысып, кененің ауыз қуысы теріде қалмауы үшін баяу және ақырын тартыңыз. Егер кененің ауыз қуысы теріде қалып қойса, онда аузын пинцетпен ұстап, шығару керек;

- кенені алып тастағаннан кейін, тістеген жерді дезинфекциялық затпен (спирт, йод) мұқият өңдеңіз және қолыңызды сабынмен жуыңыз;

- кененің денесіне тиіспеңіз, өйткені оның ішектері мен сұйықтықтарында қоздырғыштар болуы мүмкін;

Алынған кенені контейнерге салып, герметикалық қақпақпен жауып, кенеде инфекция бар-жоғын анықтау үшін оны Орал обаға қарсы станциясының зертханасына жеткізген дұрыс.

Кенелерден қалай қорғануға болады?

Көктем келіп, ауа-райы жылынысымен, тұрғындар табиғатқа шығып, бақшаларында жұмыс істеуге кіріседі. Кенелер кез келген жерде болуы мүмкін. Не істеу керек?

Орманға, саябаққа немесе кенелер кездесетін кез келген аумаққа шыққанда, кенелердің денеге жабысуына жол бермейтіндей киіну керек:

- киімнің жоғарғы бөлігі шалбарға салынып, жеңдердің манжеттері қолға жабысып тұруы тиіс;

- шалбар етіктің ішіне салынып, шұлықтың резіңкесі тығыз болғаны дұрыс;

- баста капюшон немесе басқа бас киім болуы қажет.

Киім ашық және бір түсті болғаны дұрыс, кенені байқау оңай болады. Табиғатқа шыққанда абай болыңыз!