Мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша семинар өтті

Мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша семинар өтті

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде департамент пен аумақтық басқармалар қызметкерлеріне арналған мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинар барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен ақпараттық қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, «E Otinish» ақпараттық жүйесіндегі «Азаматтарды қабылдау» функционалы бойынша оқыту жүргізілді.

Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, мемлекеттік қызметтерді көрсету және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын іс жүзінде қолдануға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.