Өндірістік объектілердегі еңбек жағдайлары мен жұмыс орындарын бақылау мәселелері талқыланды

Өндірістік объектілердегі еңбек жағдайлары мен жұмыс орындарын бақылау мәселелері талқыланды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өндірістік объектілердегі жұмыс орындарын тиімді есепке алу және бақылау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, өндірістік объектілер туралы ақпарат алмасу, еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өндірістік ортадағы зиянды факторларды уақтылы анықтау, кәсіптік аурулардың алдын алу және жұмыскерлер үшін қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.