
"Ақжайық" телеарнасының радиоэфирінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру сұрақтары талқыланды. Спикер ретінде Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы З.М.Ажигалиева жазғы сауықтыру ұйымдарына қойылатын талаптарды, тамақтануды ұйымдастыру және ас блоктарындағы санитарлық талаптардың сақталуын түсіндірді, сондай-ақ ата-аналарға жазғы лагерьлерді таңдау, лагерьге жолдану алдында баланың денсаулығын бақылау және жазғы кезеңде тамақтан уланудың алдын алу шаралары бойынша ұсыныстар берді.