
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысы М. Ерекешова және ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалының зертхана меңгерушілері қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына ZOOM платформасы арқылы семинар өткізді.
Семинар барысында «Зертханалық зерттеулердің көлемін, тізбесін және жиілігін айқындайтын санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібі» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, тиісті түсіндірмелер берілді.