Мамандарға семинар өткізілді

Мамандарға семинар өткізілді
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары Ақжайық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлеріне семинар өткізді.
Семинар барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзгерістер талқыланып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер түсіндірілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мәселелері қарастырылып, олардың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды.