“Саламатты университеттер” жобасы таныстырылды

“Саламатты университеттер” жобасы таныстырылды

“Саламатты университеттер” жобасы таныстырылды

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы А.Маратова және №1 қалалық емхананың Салауатты өмір салты дәрігері С.Рахметова Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ұжымына “Саламатты университеттер” жобасын таныстырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында университет қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, жоба аясындағы негізгі бағыттар кеңінен түсіндірілді.

Іс-шараға Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелелер департаментінің басшысы, «Барыс» спорт клубы жетекшісі, Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының оқытушылары және университет дәрігері
қатысты.