
БҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында санитариялық талаптар бойынша семинар өтті
БҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында жергілікті және аудандық автомагистральдар бойында орналасқан санитариялық-гигиеналық торап иелеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ БҚО филиалы мен «ҚАЖсервис» ЖШС БҚО филиалының өкілдері қатысты.
Семинардың тақырыбы – «Автомагистральдар бойында орналасқан санитариялық-гигиеналық тораптарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар».
Семинар барысында Департаменттің коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысы М. Ерекешова автомагистральдар бойындағы санитариялық-гигиеналық тораптардың қазіргі жай-күйі туралы айтып, оларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды жан-жақты түсіндірді.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, тиісті жауаптар берілді.