«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесі туралы

«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесі туралы
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен өзара іс-қимылды жеңілдету мақсатында бақылаудағы субъектілерге «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – СЭҚ АЖ) белсенді пайдалануды ұсынамыз. СЭҚ АЖ-ны пайдалану – әрбір бақылаудағы субъект үшін заманауи әрі тиімді жұмыс форматы болып табылады.
СЭҚ АЖ – санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды бақылауды автоматтандыруға, бақылаудағы объектілер мен өнімдер туралы деректерді басқаруға арналған бағдарламалық өнім. Жүйе санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаларды есепке алуды, мониторинг жүргізуді және цифрландыруды қамтамасыз етеді, бұл инфекциялық аурулардың алдын алуға және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар, ол бизнес субъектілердің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен өзара іс-қимылын жеңілдету және ашықтығын қамтамасыз ету құралы болып табылады (қызметкерлердің медициналық тексерістері туралы мәліметтерді бақылау, рұқсат құжаттары, өндірістік бақылау бойынша есептерді жолдау және т.б.).
Сілтеме: https://e-sen.kz/
СЭҚ АЖ-да жұмыс істеу бойынша бейненұсқаулық YouTube арнасында келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.youtube.com/channel/UCVJRhDZmgqBm6WY1Gkt1oYQ
СЭҚ АЖ-мен жұмыс барысында мәселелер туындаған жағдайда техникалық қолдау қызметіне келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +77718478814.