Жұқпалы емес аурулар (әрі қарай- ЖЕА) — әлемдегі мезгілсіз өлім мен мүгедектіктің негізгі себебі. Оларға жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, тыныс алудың созылмалы аурулары және онкологиялық аурулар жатады. Жұқпалы емес аурулар адамнан адамға берілмегеніне қарамастан, олардың таралуы өмір салтымен тікелей байланысты.
Негізгі қауіп факторлары:
- дұрыс тамақтанбау (артық тұз, қант, қаныққан май)
- дене белсенділігінің аз болуы
- темекі шегу және алкогольді артық мөлшерде пайдалану
- созылмалы стресс
- артық дене салмағы және семіздік
- жоғары қан қысымы және холестерин деңгейі
Бүгіннен бастап не істеу керек:
- теңдестірілген тамақтану: көп көкөністер мен жемістер, дәнді дақылдар өнімдерін, аз тұз бен қант жеу.
- белсенді болыңыз: аптасына кем дегенде 150 минут орташа физикалық белсенділік.
- үнемі медициналық тексеруден өтіңіз: қан қысымын, қант пен холестеринді бақылау өте маңызды.
- жаман әдеттерден бас тартыңыз: темекі мен алкоголь жұқпалы емес аурулар қаупін едәуір арттырады.
- психикалық денсаулықты қадағалаңыз: толыққанды ұйқы және стрессті басқару денсаулықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.