Мемлекеттік қызмет - абыройлы міндет айдары

Мемлекеттік қызмет - абыройлы міндет айдары

Кенесариева Баян Ерлановна – Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында 1988 жылы 18 қараша күні дүниеге келген.

1995-2006 жылдар аралығында БҚО, Ақжайық ауданы Чапаев ауылында №1 орта жалпы білім беретін мектебінде оқыған.

2006-2012 жылдары Ақтөбе қаласында М.Оспанов атындағы медицина университетін «Медико - профилактикалық іс» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы Ақжайық аудандық Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бас маман болып бастады.

Қазіргі таңда Ақжайық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы қызметін атқаруда.

Баян Ерланқызы 14 жыл еңбек өтілін абыройлы атқарып келеді. Мемлекеттік қызметке адал еңбегімен, жұмысына деген жауаптылық пен ұқыптылықты қатар ұстанған білікті маман.

Эпидемиологиялық ахуалдың өршіп тұрған кезде де Баян Ерланқызы өзінің тәжірибесі мен біліктілігінің арқасында аурудың алдын-алуда орасан зор үлес қосып келеді.

Баян Ерланқызы осы салада тұрақты 14 жыл еңбек ету жолында халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін бірнеше қайтара Ақжайық ауданы әкімінің, Батыс Қазақстан облысы санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшыларының Алғыс хаттарымен және ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.