Мендигаринова Жумагуль Узакбаевна - 1973 жылы 18 мамырда Ақтөбе облысы, Октябрь ауданы, Октябрьск қаласында дүниеге келген.
1991 жылы Батыс-Қазақстан медициналық училищесіне оқуға түсіп, «Санитарлық фельдшер» мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында паразитолог дәрігерінің көмекшісі болып бастаған. 2004 жылдың 15 сәуірінен бастап күні бүгінге дейін Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы болып жұмыс атқаруда. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет саласында 20 жылға жуық еңбек өтілі бар.
Жумагуль Узакбаевна – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, білікті де тәжірибелі маман. Ол өзіне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде орындап, халықтың денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен, БҚО санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының «Алғыс хаттарымен», Казталов ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.