Лудомания - қоғам дерті

Лудомания - қоғам дерті
21 ғасырдағы бұл ауру күнделікті өмірге тереңірек еніп, барлық жастағы адамдарға әсер етеді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнайы органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың басшыларына енді құмар ойындар және бәс тігуге қатысуға тыйым салынады. Бұл шектеуді бұзғаны үшін жұмыстан босату қарастырылған.
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Нурсулу Сариева ойынға тәуелділік отбасыдағы елеулі қақтығыстар, жақындарымен және достарымен қарым-қатынастың үзілуі, қаржылық жағдайдың нашарлауы және кәсіби қызметтегі қиындықтар сияқты отбасылық және әлеуметтік проблемаларға әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтті. Мұның бәрі мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасау тәуекелдерін арттырады.
Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметті орындау қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің көрінісі екенін атап өтті. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер үлгілі мінез-құлықтың үлгісі болуға және Әдеп кодексінің қағидаттары мен талаптарын қатаң сақтауға тиіс.