2026 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша қоршаған ортаға ( ауыз су және атмосфералық ауа) жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг туралы

2026 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша қоршаған ортаға ( ауыз су және атмосфералық ауа) жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ЗРК «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 114-бабына сәйкес департаментпен санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық мониторингтің мақсаттары адамның өмір сүру ортасының (химиялық, физикалық, биологиялық факторлардың) адам денсаулығына әсері туралы сенімді ақпарат алу, уланулардың, жұқпалы, паразиттік және кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін бағалау және олардың пайда болуын болжау мүмкіндігі болып табылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде сыртқы қоршаған ортадан (су, топырақ, атмосфералық ауа) сынамаларды іріктеу тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі. Облыс бойынша сумен жабдықтау бойынша бақылау нүктелерінің барлығы – 765 оның ішінде 721 орталықтандырылған 44 орталықтандырылмаған су көздерінен.

2026 жылдың 1 тоқсаны қорытындысы бойынша, Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары келесідей зерттеулер жүргізді:

орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша облыс бойынша барлығы 463 сынама санитарлық-химиялық көрсеткіштерге зерттелді, оның 26-ы сәйкес келмеді, бұл 5,6 %-ды құрады. Сәйкессіздіктер Ақжайық, Бәйтерек, Теректі,  аудандарында анықталды.

Микробиологиялық көрсеткіштерге облыс бойынша барлығы 452 сынама зерттелді, оның 1-і сәйкес келмеді, бұл 0,2% құрады. Сәйкессіздіктер Жәнібек ауданында анықталды.

Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау бойынша: облыс бойынша барлығы 19 сынама санитарлық-химиялық көрсеткіштерге зерттелді, оның 2 сынамасы сәйкес келмеді. Сәйкессіздік Қаратөбе ауданында анықталды.

Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерге облыс бойынша барлығы 18 сынама зерттелді, оның 2-уі сәйкес келмеді. Сәйкессіздіктер Қаратөбе ауданында анықталды.

Сәйкес келмейтін сынамалар бойынша барлық жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектіге сумен жабдықтау объектілерін тазалау, жуу және дезинфекциялау қажеттігі туралы хаттар жіберілді.   

Облыс бойынша атмосфералық ауа сынамаларын іріктеудің бақылау нүктелері саны – 345.

2026 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін 8133 сынама алынып, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттелді, оның ішінде шекті рұқсат етілген концентрациядан ауытқу анықталмады