
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мектеп түлектеріне арналған «Мемлекеттік қызметтегі мансап» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараны Департамент басшысы Д.Жанабергенова өткізді.
Іс-шара жастарды мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның қызметімен таныстыруға және мемлекеттік сектордағы жұмысқа қызығушылық қалыптастыруға бағытталды.
Кездесу барысында қатысушыларға Департаменттің негізгі қызмет бағыттары, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету.
Департамент басшылығы мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының ерекшеліктерін, кандидаттарға қойылатын талаптарды, конкурстық іріктеу кезеңдерін және кәсіби өсу мүмкіндіктерін түсіндірді.
Мектеп түлектері өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алып, мемлекеттік қызметте мансап құру мүмкіндіктері туралы пайдалы мәліметтерге ие болды.