Білім беру ұйымдарында тағамнан уланудың алдын алу

Білім беру ұйымдарында тағамнан уланудың алдын алу
Тамақтан улану — бұл адамның денсаулығына қауіпті, зиянды микроағзалармен, олардың токсиндерімен немесе басқа да уытты заттармен ластанған тағам өнімдерін тұтынудан кейін дамитын жіті (сирек жағдайда созылмалы) ауру.
Уланудың негізгі белгілері: жүрек айну, бірнеше рет құсу, іштің ауыруы және іш өту (диарея). Білім беру ұйымдарында мұндай уланудың негізгі себептері болып санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы: тағам дайындау технологиясының бұзылуы, өнімдерді дұрыс сақтамау, қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін сақтамауы.
Мектеп оқушылары арасында тамақтан уланудың алдын алу мақсатында келесі шараларды орындау қажет:
 Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын тек сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болған жағдайда ғана қабылдау;
 Жылулық өңдеусіз пайдаланылатын өнімдер мен шикі өнімдерді бөлек сақтау шарттарын сақтау. Әсіресе тез бұзылатын өнімдерді (ет, балық, сүт, қышқыл сүт өнімдері және т.б.) дұрыс сақтап, уақытылы пайдалану маңызды;
 Тағам дайындау технологиясын сақтау;
 Дайындалған және таратылған тағам мен аспаздық өнімдердің тәуліктік сынамаларын стерильді ыдыстарға алып, оларды +2 °C – +6 °C температурада 48 сағат бойы арнайы тоңазытқышта сақтау;
 Асхана ыдыстары мен асүй құралдарын жуу және дезинфекциялау
режимдерін сақтау;
 Асхана қызметкерлерінің өндірістік және жеке гигиена талаптарын сақтауына жағдай жасау;
 Қызметкерлердің денсаулығын күнделікті бақылау;
 Өндірістік үй-жайларда күнделікті жуып-шаю жұмыстарын жүргізіп, арнайы жуғыш және дезинфекциялық құралдарды пайдалану;
 Асхананы қажетті мөлшерде жуғыш және дезинфекциялық заттармен қамтамасыз ету;
 Асхананың барлық бөлмелері мен жабдықтарын үнемі таза күйде ұстау.