Қызылша жұқпасының алдын алу

Қызылша жұқпасының алдын алу

Қызылша – ең жұқпалы вирустық аурулардың бірі. Егілмеген жағдайда ол пневмонияға, жүйке жүйесінің зақымдалуына, мүгедектікке, тіпті өлімге дейін алып келуі мүмкін.
Қорғанудың жалғыз сенімді жолы – вакцинация. Қызылшаға қарсы екпе жақсы қабылданады, ұзақ мерзімді иммунитет қалыптастырады және инфекцияның өзінен де, оның ауыр салдарларынан да тиімді қорғайды.
Балаларыңыздың денсаулығы мен болашағы – өз қолдарыңызда. Оларды сенімді қорғаныстан айырмаңыздар. Вакцинация – тек өз балаңыздың ғана емес, айналаңыздағы адамдардың денсаулығы үшін де жауапкершілік.