
Тағам өніміне қатысты таңбалау Кеден одағының техникалық регламенті ТР ТС 022/2011 «Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде» техникалық регламенттерін қабылдау туралы Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №881 шешімімен реттеледі.
Тағам өнімінің таңбалануы – тұтынушылық қаптамада, тасымалдау қаптамасына немесе тұтынушылық қаптамаға және (немесе) тасмалдау қаптамасына бекітілген, не олардың ішіне салынған немесе оларға қоса берілген ақпарат тасымалдағыштың өзге де түріне жазу, сурет, белгі, символдар, өзге де таңбалар және (немесе) олардың үйлесімі түрінде түсірілген тағамдық өнім туралы ақпарат.
Оралған тағам өнімдерінің таңбалануында мынадай мәліметтер болуы тиіс: тағам өнімінің аталуы, құрамы, саны, өндірілген күні, сақтау мерзімі, сақталу шарттары, мекеменің атауымен орналасқан жері, пайдалану бойынша ұсыныстар мен шектеулер, тағам өнімінің құндылық көрсеткіштері, тағам өнімдерінде ГМО (гендік-модификацияланған организмдер) пайдаланып алынған компененттер бар екендігі туралы мәлімет, Кеден Одағының мемлекет мүшелерінің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі.
Сонымен қатар жоғарыда аталған талаптар жазба түрінде енгізілген қапталған тағам өнімдерінің таңбалануы Кеден Одағы мүшесі мемлекетінің заңнама талаптарына сәйкес орыс және Кеден Одағы мүшесі мемлекеттерінің мемлекеттік тілдерінде енгізілуі тиіс.
Тамақ өнімдерін таңбалау түсінікті, оқылуы оңай, дәйекті болуы және тұтынушыларды (сатып алушыларды) жаңылыстырмауы тиіс, бұл ретте таңбалау жазылған фонға жазулар, белгілер, символдар қарама-қарсы болуы тиіс. Таңбалау тәсілі дайындаушы белгілеген сақтау шарттарын сақтай отырып, тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі ішінде оның сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.