Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Уразова Фарида Жайгалиевна – Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Бұлдырты ауылының тумасы. Білімі – орта арнаулы.

1989 жылы Гурьев медициналық училищесін «Санитарлық фельдшер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Қаратөбе аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында санитарлық фельдшер ретінде бастаған.

1989 жылғы 1 желтоқсаннан 1999 жылға дейін Жымпиты аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында санитарлық дәрігердің көмекшісі, паразитолог дәрігердің көмекшісі қызметтерін атқарған.

1999 жылғы қараша айынан 2004 жылдың сәуір айына дейін Орал қалалық дезинфекциялық станциясының бактериологиялық зертханасында фельдшер-лаборант болып жұмыс істеген.

2004 жылдың сәуір айынан бастап Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында эпидемиология, коммуналдық гигиена және инфекциялық бақылау бөлімдерінде жетекші маман қызметін атқарды. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекші маманы ретінде үздіксіз еңбек етіп келеді.

Фарида Жайгалиевна – лауазымдық міндеттерін үлгілі орындайтын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын тәжірибелі маман. Саладағы мінсіз әрі жемісті еңбегі үшін Орал қаласы әкімінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен және «Халық алғыс» медалімен марапатталған.