БҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің бас маманы З.Ажигалиевамен аумақтық басқармалар мамандарымен эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары объектілерге санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды ұсыну бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында білім беру және тәрбиелеу объектілеріне 2023 жылғы 31 тамыздағы №122-НҚ бұйрығы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ұсыну тәртібі негізінде санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру, санитарлық талаптардың сақталуы қадағалау сөз етілді. Жиын соңында қойылған сұрақтарға жауап берілді.