Облыстық әкімдікте қызылшаның алдын алу бойынша штаб отырысы өтті

Облыстық әкімдікте қызылшаның алдын алу бойынша штаб отырысы өтті

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Талғат Каюповтың төрағалығымен қызылша ауруының таралуының алдын алу мәселесіне арналған штаб отырысы өтті.

Отырысқа Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова қатысып, облыстағы қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндама жасады.

Баяндама барысында облыс аумағында қызылшаға күдікті 29 жағдай тіркеліп, оның 25-і зертханалық жолмен расталғаны айтылды.

Қызылшаға қарсы эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту мақсатында келесі ұсыныстар берілді:

  • аурудың таралуын тұрақтандыру үшін 1 және 6 жастағы нысаналы жас топтарындағы балаларды қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы профилактикалық егулермен оңтайлы деңгейде қамту;

  • вакцинацияның тиімділігі мен пайдасы, сондай-ақ алдын алуға болатын аурулар туралы халықпен кездесулер ұйымдастыру;

  • вакцинациялауға негізсіз медициналық қарсы көрсетілімдерге жол бермеу;

  • қызылшаға қарсы вакцинацияның маңыздылығы жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, вакцинациядан бас тартқан азаматтармен жеке жұмыс жүргізу.