Басқарма мамандарына семинар өткізілді

Басқарма мамандарына семинар өткізілді

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас мамандары А.Қайыржанов пен Б.Таджибаева қалалық және аудандық басқарма мамандарына ZOOM платформасы арқылы семинар өткізді.

Семинар барысында А.Қайыржанов «Инвесторларға қатысты тексеру жүргізу тәртібі, сондай-ақ судья тарапынан тексерісті ашу және жабу кезінде берілетін ескертулер» тақырыбында түсіндірме жүргізді.

Сонымен қатар Б. Таджибаева «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормалары» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар барысында басқарма мамандары тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, ұсыныстар қабылданды.