Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А. С. Баймуханбетова Департаменттің және оның аумақтық басқармаларының мамандарымен "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жедел ден қою шаралары" тақырыбында семинар өткізді. Жедел ден қою шаралары әкімшілік іс жүргізуді қозғамай және тексеру парақтарының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда сотқа жүгінбей, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында және (немесе) нәтижелері бойынша азаматтардың құқықтарына, денсаулығына, қоршаған ортаға және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін қоғамдық қауіпті салдарларды болғызбау мақсатында жедел шара болып табылады.