Бәйтерек аудандық басқарма мамандарымен жиын өткізілді

Бәйтерек аудандық басқарма мамандарымен жиын өткізілді

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Н. Сариеваның төрағалығымен Бәйтерек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұжымымен жиын өткізілді.

Жиын барысында Н. Сариева мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде түсінік берді.

Сонымен қатар, жиыннан кейін басқарма мамандары жеке қабылданып, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берілді.