Сібір жарасының алдын алу

Сібір жарасының алдын алу

Сібір жарасы — адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы — Bacillus anthracis атты бацилла, ол ұзақ уақыт бойы қоршаған ортада сақталатын споралар түзеді.

Жұғу жолдары:

  • Ауру малмен немесе оның өлігінен тікелей/жанама байланыс;

  • Жұқтырылған етті дұрыс пісірмей жеу (алиментарлы жол);

  • Споралы топырақты деммен жұту (аэрогенді жол).

Адамға жұғуы мүмкін:

  • Ауру малды сою, етін бөлу кезінде;

  • Жүн, тері сияқты мал өнімдерімен жұмыс істегенде;

  • Зақымдалған етті тамаққа пайдаланғанда.

Клиникалық түрлері:

  • Тері формасы — ең жиі кездеседі. Теріде карбункул пайда болып, қызу көтеріледі, әлсіздік байқалады.

  • Өкпелік форма — ең ауыр түрі. Қатты қалтырау, ентігу, қан аралас жөтелмен көрінеді.

  • Асқазан-ішек формасы — құсу, іш өту, іштің ауыруымен білінеді.

Алдын алу шаралары:

  • Малдарды сібір жарасына қарсы уақтылы ектіру;

  • Жануарларды ветеринардың бақылауынсыз соймау;

  • Ауру немесе өлген мал туралы дереу ветеринарға хабарлау;

  • Жеке қорғаныс шараларын сақтау;

  • Жұқтырылған ет пен өнімдерді қолданбау.

Есіңізде болсын! Сібір жарасы — адам өміріне де қауіп төндіретін қауіпті дерт.