Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру

Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, денінің саулығын арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру ұйымдарының жазғы сауықтыру ауысымдары ашылады.

Жыл сайын облысымызда әр түрлі үлгідегі 500-ден астам лагерлер жұмыс істеп, 5 мыңнан астам балалар демалады. Сауықтыру орталықтары — белсенді демалыс аймағы, насихаттық, дидактикалық, сөздік мектеп әрекетінен өзгеше әртүрлі қоғамдық мәні бар бос уақытты өткізу орны, кез келген балаға өзін көрсетуге, өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі көрсете білудің жоғары деңгейіне жақындау мүмкіндігін береді.

Қала сыртындағы сауықтыру орындарының негізгі міндеттері — балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге, олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталады.

Күн режимі балалардың жас ерекшелігіне байланысты құрылады. Дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары жоспары дәрігермен келісіледі және мынадай іс-шараларды қамтиды:

1) таңертеңгілік гимнастика;

2) шынықтыру емшаралары;

3) қозғалыс ойындары және дене дайындығының әр түрімен айналысу;

4) спорт, емдік дене шынықтыру, жүзуге үйрету;

5) серуендер, экскурсиялар, жорықтар;

6) спорттық жарыстар және мерекелер.

Балалардың дені әрқашан сау болсын!!! Жаздағы тиімді демалыс жыл бойына қажетті күш–қуат болып табылады.