«Мемлекеттік қызметкер этикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

«Мемлекеттік қызметкер этикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Ақжайық аудандық сэб басқармасы ғимаратында БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі Нұрсұлу Сариеваның төрағалығымен және Ақжайық аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызметкер этикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесу БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары және әдеп жөніндегі өкілі Нұрсұлу Сариева сөз сөйлеп, дөңгелек үстелде қозғалатын тақырып жөнінде айтып өтті.
Мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары мемлекеттік қызметшіге жоғары талаптар қояды. Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметші өз іс-әрекеті және мінез-құлқымен адалдықты жеке пайдадан жоғары қоюға міндетті.
Мемлекеттік қызметшінің жеке дамуы жалпы қоғамдағы өзгерістердің бастауы болуы мүмкін. Оның тұлғасы қоғамға үлгі болуы керек, - деді Нұрсұлу Әміржанқызы.

Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Отбасын қорғау орталығының әлеуметтік маманы Ж.Нуржанова қатысып, қоғамдағы әйел адамның алатын орны туралы пікір білдірді. Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және отбасылық зорлық-зомбылықты қоғамда болдырмау мақсатында көптеген іс-шаралардың жүргізілгендігін айтып өтті.