Казталов ауданының әкімдігінің мәжіліс залында ұзақ жылдар ауданның денсаулық сақтау саласында абыройлы қызмет еткен, аудандық СЭББ басшысы қызметін атқарған Хайдаров Талғат Халиханұлын құрметті зейнет жасымен құттықтау іс-шарасы өтті.
Ауданға арнайы іссапармен барған Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Д.Жанабергенова Т.Хайдаровты зейнеткерлік жасымен құттықтап, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтау хатын және аталған департамент басшысының алғыс хат табыс етті.
Айтулы жиында аудан басшысының міндетін атқарушы Р.Иманғалиев ауданның денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.
Жиын барысында аудандық мекеме басшылары да Т.Х. Хайдаровты зейнеткерлік жасымен құттықтады.
Өз кезегінде сөз алған Талғат Халиханұлы облыс, аудан басшыларына, әріптестері мен жиынға қатысушыларға көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.