Жазғы маусым басталысымен балалардың тиімді демалысын ұйымдастыру мақсатында сауықтыру лагерьлерінің алатын орны ерекше. Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық басқармалармен жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында сауықтыру лагерьлерінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілді.
Бүгінгі таңда 15 жазғы сауықтыру ұйымдары жұмыстарын жалғастыруда. Сауықтырылған бала саны - 3102. Сонымен қатар, сала мамандарымен лагерьлерінің қызметкерлері үшін 20-дан астам оқыту семинарларын өткізді, 15 лагерьде санитариялық қағидалардың талаптары бойынша консультациялар мен түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Ал ата-аналар үшін келесі кеңестерге назар аударуды сұраймыз:
- лагерьді таңдау кезінде облыстық білім басқармасының сайтында немесе санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында орналастырылған балаларды сауықтыру ұйымдарының тізбесін басшылыққа алу;
- салқын тиюге, күн өтуге және жарақат алуға жол бермеу үшін сөмкеге жылы күрте немесе куртка, шұлық, кепка немесе қалпақ, жабық аяқ киім (кеды), сандал салыңыз;
- жолға бөтелкедегі газдалмаған су түріндегі құрғақ рационды, печенье, май мен ірімшік қосылған бутербродтарды салу;
-тез бұзылатын өнімдерден, атап айтқанда ет, балық, сүзбе, кілегей қосылған торттар, тәтті газдалған сусындар, жидектер, бақша өнімдерін жолға салмау, лагерьлерге әкелмеу.
Сізге және балаларыңызға сәтті және қауіпсіз жазғы демалыс тілейміз!